№9 ЖББ мектебінде «Нағыз дос болғың келсе, дос бол!» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №9» УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№9 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 302-95-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-95-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №9 ЖББ мектебінде «Нағыз дос болғың келсе, дос бол!» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
23
ақпан
2024
0

№9 ЖББ мектебінде «Нағыз дос болғың келсе, дос бол!» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Ұжымдық шығармашылыққа негізделген мектеп жағдайында жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған және оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын арттыру мақсатында Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Балалар омбудсмендері DOSBOLIKE  бағдарламасын әзірледі. 

№9 ЖББМ КММ-де «СПОРТ ДОСТЫҒЫ»: «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» бағытында «Нағыз дос болғың келсе, дос бол!» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

 Отбасы - көптеген адамдардың өміріндегі маңызды команда. Отбасымен бірге барлық кедергілерді жеңу және кез келген кедергілерден өту оңайырақ.

Мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты спартакиада ұйымдастырды. Ойындар таза аязды ауада өтті. 

Сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру дайындығын арттыру.

Сондай-ақ «Спорт – достық» тақырыбында балалар сурет байқауы ұйымдастырылды.

Мектепте «DOSBОLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша үзіліс кезінде «Көңілді үзіліс» ойындары өткізіледі.

  DOSBOLIKE бағдарламасын жүзеге асыру туралы  жоғары сынып оқушылары кеңесі «О, спорт, сен әлем!» тақырыбында бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.