Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 30.04.2024 нен 13.05.2024ж. дейін өткізіледі
Назар аударыңыз!
Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 30.04.2024 нен 13.05.2024ж. дейін өткізіледі
КММ «№9 жалпы білім беретін мектепке» талап етіледі:
- Логопед - 1
Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидалары» № 57 бұйрығы (2021 жылғы 22 қарашадағы өзгерістер мен толықтырулармен) (10.11-қосымша) тармағына сәйкес бағалау парағын және арнайы үлгідегі өтінішті толтыру қажет. Төмендегі құжаттардың көшірмелерін белгіленген күні мектеп әкімшілігіне тапсыру қажет.(қағаз нысаны). (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495).
Әңгімелесу күні және конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау enbek.kz порталы арқылы жіберілген шақыруда көрсетілген.
Құжаттар тізімі
1. enbek.kz сайтында тіркелу
2. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
3. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
4. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
5. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
8. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9. наркологиялық ұйымнан анықтама;
10. Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-мастер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
Посмотреть онлайн файл: prilozhenie-11.docx
Мәлімдеме
Посмотреть онлайн файл: prilozhenie-10.docx