НАУРЫЗНАМА БАҒДАРЛАМАСЫ » КГУ «Общеобразовательная школа №9» УO г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №9»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 302-95-68
Бухгалтерия
+7(727) 302-95-65
Версия для
слабовидящих
14
март
2024
0

НАУРЫЗНАМА БАҒДАРЛАМАСЫ

Мартнаманың бағдарламасы:

14 март күні – Көрісу күні-Амал мерекесі тойланады. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды.

15 март – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады.

16 март – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Ол күні қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады.

17 март – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

18 март – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылып отыр.

19 март – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

20 март – Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

21 март – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады.

22 март – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Ал Мартнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 март – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

"14-23 март аралығында "Март-базарлық" июньы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өткізу, жеңілдіктер жасау жоспарланып отыр", - деп атап көрсетті Барлыбаев.

Бүгінде Мартдың бірегей логотипі де бекітіліп, барлық аймаққа жіберілді.