№ 9 ЖББ мектебінде Тәуелсіздік күнін мерекелеу туралы есеп » КГУ «Общеобразовательная школа №9» УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№9 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 302-95-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-95-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 9 ЖББ мектебінде Тәуелсіздік күнін мерекелеу туралы есеп
12
желтоқсан
2023
0

№ 9 ЖББ мектебінде Тәуелсіздік күнін мерекелеу туралы есеп

Оқушылардың Қазақстандық патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын, патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл еліміздің азаматтары үшін ерекше күн.

Кітапханада тақырыптық көрме ұйымдастырылды, оны мектеп кітапханашысы: Ж.А.Токтомысова дайындап, мектеп оқушылары «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өлеңдер  оқыды. 1-11 сынып жетекшілері «Менің жерім – менің Қазақстаным» атты сынып сағатын, дөңгелек үстел, әңгімелесу түрінде өткізді.

1-11 сынып жетекшілері «Менің жерім – менің Қазақстаным» атты сынып сағатын ойын, дөңгелек үстел, әңгімелесу түрінде өткізді.

Мектеп фойесінде көрме қойылды, оны ата-аналар, мұғалімдер және басқа да оқушылар тамашалай алды. 5-11 сыныптар арасында «Аяулы Отан» мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті. Флешмоб оқушылар  үшін үлкен қызығушылықпен өтті. Оған барлық сыныптар мен мұғалімдер қатысты. Жігіттер «Қаражорға» әніне биледі.

Дене шынықтыру мұғалімдері Смирнова Н.В.Иванов В.М. Нурбаев  М.Н. Оқушылар арасында бастауыш сыныпта теннис және «Көңілді старт» спорттық жарыстары өткізілді.

Қорытынды кезеңде  «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты мерекелік концерт болды.

Барлық іс-шаралар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және мектеп сайтында жарияланды